мектеп, оқушылар мен мұғалімдер туралы танымдық әңгімелер

29.10.2026

Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық жоспарын жүзеге асыру аясында №2 мектепалды даярлық тобында мектеп, оқушылар және мұғалімдер туралы танымдық әңгімелер ұйымдастырылды.Балалар мектеп өмірі туралы түсініктерін кеңейтіп, мұғалімнің рөлімен, оқу ерекшеліктерімен және мектептегі тәртіп ережелерімен танысты. Тәрбиеленушілер өз білімдерімен бөлісіп, алдағы оқу үдерісіне және жаңа білім алуға қызығушылық танытты.Мұндай жұмыстар балалардың мектепке деген оң көзқарасын қалыптастыруға, танымдық қызығушылығын дамытуға және өмірдің жаңа кезеңіне дайындалуына ықпал етеді.Тәрбиеші: Сатан А.

 

Просмотров: 28


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

                 мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат

                 байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі),  7-44-58 (медбике)

 

 

Текст