құттықтаймыз!
28.10.2026
«Мемлекеттік тіл – балабақшадан» қалалық байқауы өтті!
Бүгін Тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және бүлдіршіндердің қазақ тіліне деген қызығушылығын дамытуға бағытталған қалалық байқау өтті.
Байқауға «Балауса», «Еркетай», «Балдырған», «Алпамыс» және «Арман» балабақшаларының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау үш бөлімнен тұрды:
🔹 Жасанды интеллектіні қолдана отырып, өзін таныстыру;
🔹 Мәнерлеп оқу;
🔹 Өз өнерін көрсету.
Байқау қорытындысы бойынша:
III орын:
• Таганова София — «Балдырған» балабақшасы;
• Козлова Агата — «Арман» балабақшасы.
II орын:
• Акчурина Алиса — «Балауса» балабақшасы;
• Юнг Кира — «Еркетай» балабақшасы.
I орын:
• Ширяева Эльмира — «Алпамыс» балабақшасы.
Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Барлық бүлдіршіндер мен тәрбиешілерді құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, кішкентай өнерпаздарымыздың жетістіктері арта берсін!

