"Аналар мектебі"

«Әкелер мектебі» жобасы аясында №10 топ тәрбиеленушісі Мирошниченко Никольдің әкесі — Владислав Витальевич — өзінің арғы атасы туралы әңгімелеп, отбасылық тарихымен бөлісті.Сонымен қатар, ол «Менің атамның балалық шағы» челлендж-сұхбатына қатысып, балаларға өткен кезең, дәстүрлер мен аға буынның өмірлік тәжірибесі туралы құнды естеліктерін жеткізді.Тәрбиешілер: Иманова А. Н., Соловьёва И. Н.

«Адал азамат» және «Әжелер мектебі» бағдарламаларын іске асыру аясында №4 топта «Әжелер ертегісі» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар ертегілерді қызығушылықпен тыңдап, халық даналығы мен дәстүрлерімен танысты.Тәрбиеші: Тажибаева Э. П.

«Адал азамат» бағдарламасы және «Әжелер мектебі» аясында №7 мектепалды тобында «Әжемнің ертегілері» атты театрландырылған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шара барысында балалар ертегілер әлеміне қызығушылықпен еніп, түрлі рөлдерді сомдап, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілін және әртістік шеберліктерін дамытты. Театрландырылған әрекет балаларды мейірімділікке, үлкендерді құрметтеуге және халық шығармашылығына сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші: Давлетова Д. А.

Наурызнаманы мерекелеу аясында, сондай-ақ "Аналар мектебі" жобасы аясында №3 топтың тәрбиеленушісі Ерболат Ақмейір өзін анасының қамқор көмекшісі ретінде көрсетіп, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараға қатысты. Қыз еңбекқорлығын, үлкендерге деген құрметін және отбасындағы өзара көмектің маңыздылығын көрсетті.Тәрбиеші: Жиенбаева Ш. К.



Наурызнаманы мерекелеу аясында, сондай-ақ "Аналар мектебі" жобасы аясында №2 топтың тәрбиеленушісі Секергали Санжар анасы Сариева Жансұлу Еибекетовнамен бірге отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараға қатысты. Қатысушылар отбасылық тәрбие мен дәстүрлер сабақтастығының маңыздылығын атап өтіп, жылы қарым-қатынас, өзара көмек пен құрмет көрсетті.Тәрбиеші: Тажибаева Э. П.

"Аналар мектебі" жобасын және "Балалы жақсы көретін ата-аналар" клубын іске асыру аясында "Жемчужина" тобы тәрбиеленушісінің анасы Әсемгүл Қайргелдіқызы балаларды сиқыр мен мейірімділік әлемімен таныстырды.Мұндай кездесулер балабақша мен отбасының ынтымақтастығын нығайтуға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты дамытуға және балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуге ықпал етеді.Тәрбиеші: Иманова А.Н.(27.02.2026)

"Аналар мектебі" жобасын іске асыру аясында №10 топ тәрбиеленушісінің анасы Кристина Эдуардовна балаларға кілемді ұлттық ою-өрнекпен безендіру бойынша мастер-класс өткізді. Іс-шара қызықты өтті және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық мәдениет элементтерімен танысуға ықпал етті. Тәрбиеші: Иманова А.Н.

 

№7 "Балапан" мектепалды тобы — Ақмарал Бутабекова балаларға шеберлік сабағын өткізіп, балаларға "Сиқырлы торсық" тігуді үйретті. Сабақ қызықты өтті және шығармашылық дағдыларды, табандылық пен ұлттық дәстүрлерге қызығушылықты дамытуға ықпал етті. Тәрбиеші: Давлетова Д. А.

"Аналар мектебі" аясында № 3 "Жұлдыз" тобында Танаева Салтанат Кенжехуловна балаларды "Бесікке салу" салтымен таныстырды.
Тәрбиеші: Жиенбаева Ш.К.

№2 "қоңырау "аға тобындағы" аналар мектебі" Есметова Әсел Еркінқызы балаларға шаш тоқу тәсілдерін түсіндірді. Тәрбиешілер: Сайтан А., Бахытбол Б.

№ 4 топта әдеби кеш ұйымдастырылды. Болат Әмірдің анасы Хагазбек Марзия балаларды балалар ертегілерінің таңғажайып әлемімен таныстырып, балаларға жылы эмоциялар мен ертегілерге қызығушылық танытты. Тәрбиеші: Тәжібаева Э. П.

                 мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат

                 байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі),  7-44-58 (медбике)

 

 

Текст