Таза Қазақстан
16.10.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында №5 топтың тәрбиеленушілері тәрбиешімен және ата-аналармен бірге қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған іс-шараға қатысты.Ересектер мен балалар бірлесе отырып, айналаны абаттандыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға өз үлестерін қосты.Осындай игі істер балалардың жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады және табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді.Тәрбиеші: Альжанова Г. А.



«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №7 «Балапан» кіші тобының тәрбиеленушілері тәрбиешімен және тәрбиешінің көмекшісімен бірге қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған іс-шараға қатысты.Акцияға қатысу балалардың бойында ерте жастан табиғатқа ұқыпты қарау сезімін қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және пайдалы экологиялық әдеттерді дамытуға ықпал етеді.Тәрбиеші: Кичайкина М. О.

