күзгі қиялдар
16.10.2026
№10 топта «Күзгі кілем» тақырыбында жапсыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.Балалар кілемді түрлі түсті күзгі жапырақтармен безендіріп, өздерінің қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Тәрбиеші: Иманова А. Н.
№6 топта "қайың тоғайы" интеграцияланған қызметі өтті. Балалар парақты бояумен толтыруды, жолақтарды кесуді, бөлшектерді жабыстыруды, күзгі сюжетті құруды үйренді.Тәрбиеші: Корчагина О.С.




№9 топта қоршаған ортамен таныстыру және жапсыру бойынша балалардың экологиялық тәрбиесіне бағытталған кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Серуен кезінде балалар күзгі жапырақтарды жинап, кейін топта оларды арыстанның жалына жапсырып безендірді. Іс-әрекет барысында балалар күзгі табиғаттың сұлулығымен танысып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйренді. Сонымен қатар шығармашылық қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамытты. Тәрбиеші: Леглер Н. В.

