«Астана – бас қала!»
07.07.2026
Елорда күні қарсаңында тәрбиеленушілер үшін «Астана – бас қала!» атты музыкалық ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар би билеп, музыкалық ойындарға қатысып, қызықты тапсырмаларды орындады. Мереке балалардың шығармашылық қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға ықпал етті.
Музыкалық жетекші: Хагазбек М.

Елорда күні қарсаңында тәрбиеленушілермен иллюстрацияларды қарастыру арқылы тақырыптық әңгіме ұйымдастырылды. Әңгіме барысында балалар Астананың көрікті жерлерімен танысып, Қазақстан Республикасының елордасы туралы білімдерін кеңейтті және қаланың тарихы мен бүгінгі келбетіне қызығушылық танытты.Тәрбиеші: Ильина В. И.


